Оралда полиция қызметкері сотталды

Сурет: Zakon.kz
Оралда ювеналды полиция қызметкері әкімшілік істер бойынша дәлел құжаттарды қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, ол белгіленбеген жерлерде сауда жүргізгендерді анықтау бойынша жұмыс көрсеткіштерін қолдан көтермелеп көрсеткен. 

"Қызмет бабын пайдалана отырып, ол үш кәсіпкерге қатысты жабайы сауда жасады деген айыппен әкімшілік істер рәсімдеген. Нақтысында кәсіпкерлердің қызмет түрі саудаға ешқандай қатысы жоқ. Сауда жүргізілмегендіктен, полиция қызметкері кәсіпкерлерді сырттай жауапкершілікке тартқан", - деп жазады "Мой город".

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жойылып, полиция қызметкері жауапқа тартылды.

Орал қалалық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылды. Оған 1,5 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, сот оны үш жыл бойы құқық қорғау және мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан айырды. Сондай-ақ ол "полиция аға лейтенанты" арнайы атағынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және оған шағымдануға болады.

Бұған дейін Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановтың қызметінен босатылғаны белгілі болды

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі