Қостанай облысында судья пара алғаны үшін сотталды

Сурет: Zakon.kz
Қостанай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі алқасының экс-төрағасы Асқар Дарбаевқа қатысты атышулы іс сот үкімін жариялаумен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық сот судьясы Асқар Дарбаев пара алып жатқан жерінен ұсталды. Қаражат мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін шығаруға арналған. Әңгіме кәсіпкерден алынған 19 миллион теңге туралы.

"Асқар Дарбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша 9 жыл бас бостандығынан айырылып, мерзім қауіпсіздігі орташа мекемелерде өтеумен сотталды. Сонымен қатар оған өмір бойы мемлекеттік қызметте, сот жүйесінде және жергілікті мемлекеттік органдарда лауазымдарды қызметті атқаруға тыйым салынды", - деп түсіндірді облыстық сот қызметі.

Пара беруге делдал болған Елжас Қалқаев та жазаланды. Сот оны 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қостанайда 2023 жылдың жазында Қостанай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының бұрынғы төрағасы Асқар Дарбаевқа қатысты сот отырысы басталды. Экс-судьяға пара алды деген айып тағылды.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді