Астанада ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген РФ азаматы кездейсоқ ұсталды

Сурет: polisia.kz
Астанада полицейлер Кемеров облысының аумағында ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 жастағы әйел Астана қаласының қабылдап-тарату орнына белгілі бір тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам ретінде жеткізілген. 

"Кемеров облысының 30 жастағы тұрғыны 2023 жылдың наурыз айында соттан жасырынып, Қазақстан Республикасына келгені анықталды. Елордада әйелдің тұрақты тұрғылықты жері болмаған, кездейсоқ табыстармен күн көріп, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтып алған. Ұсталған адамға Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 158-бабының 3-бөлігіне сәйкес тұрғын үйге заңсыз кірумен жасалған ұрлық айыбы тағылған. Қазіргі уақытта айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген полиция хабарламасында.

Минск Конвенциясына сәйкес күдіктіні Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатқаны да нақтыланады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы