Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры ұсталды

Астанада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК директорын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар жария етуге жатпайтынын нақтылайды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде "Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК директоры Мұрат Оразбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Оған ұрлық жасады деп күдік келтіріледі. 

Оразбаев Мұрат Бекайдарұлы 1976 жылы 9 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Қызылорда қаласындағы № 7 орта мектепті 1993 жылы бітіргеннен кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетіне түсіп, оны 1999 жылы бітірді.

2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының хирургия бойынша дәрігерлерді жетілдіру факультет  интернатурасын бітірді.Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық орталық ауруханасының дәрігер-хирург болып бастады.

2001-2008 жылдары Қызылорда қаласының Облыстық медицина орталығында дәрігер-реаниматолог-анестезиолог, токсикология және ГБО бөлімшесінің меңгерушісі, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі, бас токсиколог, Қызылорда облысы Денсаулық сақтау департаментінің бас реаниматологы болып жұмыс істеді.2009 жылдан бастап Астана қаласы Ұлттық медициналық холдингінің "Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығы" АҚ-да еңбек қызметін жалғастырды.

2011 жылы ауруханалық басқарудағы іскерлік әкімшілік магистрі академиялық дәрежесі берілді (MD MBA).

Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы-дәрігердің, токсиколог - дәрігердің жоғары біліктілік санаты және анестезиолог-реаниматолог-дәрігердің сертификаты бар.

"Республикалық санитарлық авиация орталығы" ШЖҚ РМК директорының өңірлік даму жөніндегі орынбасары, ҚР ДМҰ "ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының орынбасары.Қазақстан Республикасы жедел медициналық көмек қауымдастығының атқарушы директоры. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі ұлттық үйлестіруші.

"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін", "Жедел жәрдемнің үздік қызметкері" белгілерімен марапатталған, "Құрмет" орденінің иегері.


Антикор Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: