Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам мерт болды

Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
25 желтоқсанда таңертең Самара – Шымкент тас жолында жол апаты болды. Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылының маңында Volvo және Mercedes жүк көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" порталы Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап отырып, соққы салдарынан Volvo жүк көлігінің өртенгенін хабарлайды. 

Volvo жүк көлігінің жүргізушісі, Түркістан облысының тұрғыны оқиға орнында қаза тапты, ал Mercedes-тің жүргізушісі мен Volvo-ның жолаушысы Әйтеке би ауданындағы орталық ауруханаға жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. 

Бұған дейін Алматыда жаппай жол апатынан жеті адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы