Алматыда жаппай жол апатынан жеті адам зардап шекті

Жол апаты, Алматы, Адем сауда үйі, Солтүстік айналма жолы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2023 11:00 Сурет: Zakon.kz
"Адем" сауда үйіне қарама-қарсы бетте, Солтүстік айналма жолында жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасына қатыстылардың айтуынша, жол апатына түрткі Toyota Camry көлігі Солтүстік айналма жолмен солтүстік бағыттан келе жатқан. Қозғалыс кезінде ол жолдың әр жолағына өтіп, ары-бері ойқастай берген. Осындай маневрлердің бірінде Toyota Chevrolet Cobalt көлігіне соғылады.

Сурет: Zakon.kz

Одан кейін Toyota Chevrolet Nexia-ға қарай ұшып кетеді.

Сурет: Zakon.kz

Соққыдан Nexia жол шетіне ұшып, тротуарға шығып кетеді. 

Сурет: Zakon.kz

Ал бұл кезде Toyota жолдың қарама-қарсы бөлігіне ұшып, Nissan Primera, Mercedes-Benz көліктеріне соқтығысып, ақырында Toyota Land Cruiser Prado-мен бетпе-бет түйісіп барып тоқтайды.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы орын алған орынды қоршады. Осыған байланысты бұл бағытта көлік кептелісі болды.

Сурет: Zakon.kz

Алдын ала ақпарат бойынша, 7 адам ауруханаға жатқызылды. Toyota Land Cruiser Prado-дағы балаларымен қоса әйел адам зардап шекті. Балалардың бірінің қолы сынғаны айтылады. 

Сурет: Zakon.kz

Апаттың барлық мән-жайын жол полициясының қызметкерлері анықтайтын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: