Алматыда апат салдарынан жүргізуші көлікте қысылып қалды
Сурет: Zakon.kz
Алматыда Рысұлов даңғылына жетпей, Солтүстік айналым көшесінде ("Адем" сауда үйіне қарама-қарсы) көлік апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Mercedes-AMG C45 маркалы автокөлік Солтүстік айналым бойымен оңтүстікке қарай жүрген.
Жүргізуші рөлге ие болмай қалған.
Автокөлік тротуарға қарай шығып кеткен.
Ол жол жөнекей металл қоршауды бұзып өткен.
Содан кейін көлік жолды жарықтандыру діңгегіне соғылып, соңында қоршауға кептеліп қалады.
Жол көлік апатының куәгерлері оқиға орнына жедел жәрдем бригадасын шақырды.
Сонымен бірге Алматының құтқару қызметінің бригадасы да жолға шыққан, себебі жүргізуші көлікте қысылып қалған.
Алайда, құтқарушылар келгенге дейін ер адам көліктен шығарып алынған. Ол ауруханаға жатқызылды.
Апат орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript







