Алматыда жаппай көлік апаты болды
![Көлік апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2022 10:01](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-bb78c70c-e989-46f3-9665-90d6aa893c91/800x451.webp)
Алдын ала болжам бойынша жол көлік оқиғасынан 20 шақты көлік зардап шекті. Салдарынан жолда үлкен кептеліс пайда болды.
Әлеуметтік желі қолданушылары көлік апатын видеоға түсіріп, таратып жатыр.
Cонымен қатар Сейфуллин даңғылының бойында бірнеше көлік соқтығысты. Куәгерлердің мәліметінше, онда шамамен 10 көлік қақтығысты.
Әлеуметтік желі қолданушылары көлік апатын видеоға түсіріп, таратып жатыр.
Еске сала кетейік, бүгін Алматыны қалың тұман басты. Қазгидромет синоптиктері 8-10 ақпанда көктайғақ болады деп ескерткен.
![Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2022 10:01](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-53e33364-3b2a-43b8-8b52-85a84cc1c251/800x451.webp)
Сурет: Zakon.kz
Zakon.kz редакциясы көлік апаттарының мән-жайын анықтау үшін Алматы қаласының Полиция департаментіне ресми ақпарат алу мақсатында сұраныс жіберді.
![Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2022 10:01](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-514dc491-2431-4eb2-8181-608689d8e378/800x451.webp)
Сурет: Zakon.kz
Жаңалық алдағы уақытта толықтырылады.