Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 20:24 Сурет: Zakon.kz
Қайрат ықшам ауданына қарама-қарсы Рысқұлов даңғылы бойында жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Toyota Caldina маркалы көлігі Рысқұлов даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Жолдың оң жақ шетінде базаға аттануды күтіп, жүк көліктері тізіліп тұрған.

Сурет: Zakon.kz

Toyota осы жүк көліктерінің бірінің жүргізуші жағына келіп оңбай соғылды.

Сурет: Zakon.kz

Келіп соғылған көліктің төбесі туралып кетті.

Сурет: Zakon.kz

Жүргізушісі аман, ол шұғыл ауруханаға жеткізілді.

Не болғаны, жүргізушінің неге рөлге ие бола алмағаны, әзірге белгісіз.

Тергеу амалдары қолға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: