Түркістан облысындағы жантүршігерлік жол апаты: 4 адам қаза тапты

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2020 23:09 polisia.kz
Жол апаты Жетісай-Шардара трассасы бойында болған.

Түркістан облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 мамыр шамамен сағат 14:30-да Жетісай-Шардара автожолының 8 шақырымы Кетебай ауылының бойында “Нексия” және “Лада-Vesta” маркалы екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысты. Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан “Нексия” көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және “Лада-Vesta”көлігінің бір жолаушысы қаза тапты.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы болған жерде Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2020 23:09

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: