БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты

24 ақпанда Өнеге ауылының маңындағы Казталовка – Жәнібек тас жолында ауыр жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ford Focus көлігі Chevrolet Cobalt-пен бетпе-бет соқтығысқан.
"Апаттан бірер минут бұрын Ford Focus жүргізушісі алдындағы жүк көлігін басып озуға тырысып, қарсы жолаққа шыққан. Екі жүргізуші де, сондай-ақ Chevrolet Cobalt-тағы жолаушы да қаза тапты. Марқұмдар 22, 34 және 37 жаста болған", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Тағы төрт ер адам БҚО-дағы Жәнібек ауданының ауруханасына жеткізілді, олардың біреуінің жағдайы ауыр. Дәрігерлер қалған үш ер адамның жағдайын орташа ауыр деп бағалайды. Олар хирургия бөліміне орналастырылды.
Бұған дейін Астанада жолаушылар автобусы электр бағанына соғылып, 15 адамның зардап шеккенін хабарлағанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript