Жол апатына ұшыраған автобус: Қалалық ДСБ зардап шеккендер туралы мәлімет ұсынды

Астанада 21 ақпанда №70 қалалық автобустың қатысуымен болған апат салдарынан 15 адам зардап шекті. Бұл туралы Zakon.kz сайтына елорданың денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Басқармадағылар электр бағанына соғылған автобус жүргізушісін алып шығу қиынға соққанын, мыжылған кабина ішінде қысылып қалған ер адамды құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен босатып алғанын айтады.
"Оқиға орнында жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеді, олар зардап шеккендердің барлығын №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізді", – деп толықтырады қалалық ДСБ.
Қазіргі уақытта зардап шеккендерді тексеру қабылдау бөлмесінде жүргізілуде. Зардап шеккендердің арасында балалар мен жүкті әйелдер жоқ екендігі нақтыланады.
Бұған дейін Астанада Қабанбай батыр даңғылына қарай бағыт алған жолаушылар автобусының Бараев көшесінде электр бағананына соғылғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript