Павлодар облысында жол апатынан бір жолаушы қаза тауып, төрт адам зардап шекті

Павлодар облысында жол апатынан бір жолаушы қаза тауып, төртеуі зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2025 16:58 Сурет: Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
5 сәуірде Павлодар облысындағы тасжолда болған жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қызылорда-Павлодар" жолының 1153-шақырымында келе жатқан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі жылдамдықпен арыққа ұшып кетіп, аударылып қалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол рөлге ие бола алмай қалған.

"Жол апаты салдарынан бір адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Түрлі дене жарақаттарымен тағы төрт жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Адам өліміне себеп болған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында жолдың жабылатыны туралы ескертуге құлақ аспаған жол талғамайтын көлік жүргізушісі қаза тапқанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: