Ақмола облысында көлікті ағыс алып кетті: адам қаза тапты

Ақмола облысында жолдың жабылатыны туралы ескертуге құлақ аспаған жол талғамайтын көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға 5 сәуірде "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей шекарасы" бағытының 963-шақырымында болды.
"Жүргізуші салынған тыйымға құлақ аспай, полиция бекетін айналып өтіп, су тасқынына байланысты жабылған аумақпен өтпек болған. Салдарынан көлікті ағыс алып кетті", - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көлікте үш адам болған. Екі жолаушыны полиция мен Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарды, оларға медициналық көмек қажет болды. Жүргізушінің денесі түнде табылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз