Түркістан облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, бір адам зардап шекті

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2022 16:13 Сурет: Zakon.kz
Маусымның 19-ы күні Түркістан облысындағы Шардара мен Жетісай аудандары арасындағы тас жолдың учаскесінде адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. Онда төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетісай қаласы бағытында келе жатқан BMW 525 автокөлігі жолдың оң жағына шығып кетіп, аударылып қалған. Апат салдарынан төрт адам: жүргізуші мен оның үш жолаушысы қаза тапты.Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Департаменттің хабарлауынша, тағы бір жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы,4-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» ретінде тіркелген. Сараптама тағайындалды.Түркістан облысы Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: