Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

адамдар қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2022 15:50 Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Ақтөбе облысындағы тас жолда жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты, тағы төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық басқарманың мәліметінше, оқиға 27 мамырға қараған түні Хромтаудан 75 шақырым жерде болған.

Алдын ала анықталғандай, Nissan Teana көлігінің 24 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Хромтау ауданының 44 жастағы тұрғыны басқарған «Лада» көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан ВАЗ-2115 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, ведомствоның мәліметінше, Ниссан Теана көлігінің жүргізушісі мен «Лада» көлігінің үш жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Хромтау орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы». Сараптама тағайындалды. Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: