БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2021 16:00 zakon.kz
Орал – Атырау тас жолында болған жол апатынан екі адам қаза тапты.

2021 жылдың 24 қазан күні сағат 20:00 шамасында Орал-Атырау автожолының 209-шы шақырымында, Ақжайық ауданының Ақсуат кентінен 10 шақырым жерде Лада Vesta және Лада Priora автокөліктерінің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Соқтығысқаннан кейін екі автокөлік өртенген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Лада Веста көлігінің Г есімді жүргізушісі мен оның С есімді 1991 жылы туған жолаушысы Ақжайық ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді. Оқиға орнында полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеп, Лада-Приора автокөлігін сөндіргеннен кейін салоннан қаза тапқан Б есімді жүргізуші мен Б есімді жолаушының денелері алынды, деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PoliceWestKaz???????? (@policebqo)

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бақытжан Отарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: