Қарқаралы – Қарағанды тас жолындағы көлік апатынан екі адам қаза болды

Қарқаралы-Қарағанды тас жолы, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2023 12:16 Сурет: Instagram/patriotkaragandy
2023 жылғы 26 қараша күні таңертең Қарқаралы – Қарағанды ​​тас жолында болған жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-дағы Patriotkaragandy парақшасында жарияланған ақпарға сүйенсек, тас жолда Lada Vesta мен Mercedes Benz көліктері соқтығысқан. Оқиға таңғы сағат 08:50-де Қарағанды ​​– Қарқаралы жолының 1-шақырымында болған.

Mercedes Benz көлігінің 25 жастағы жүргізушісі мен оның 44 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Lada көлігінің 30 жастағы жүргізушісі мен оның 51 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: