Астанада автобус электр бағанына соғылып, жүргізуші мен жолаушылар зардап шекті

Автобус, жол апаты, Астанада, электр бағаны, жүргізуші, жолаушылар, зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2025 22:19 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
21 ақпанда Астанада Бараев көшесімен Қабанбай батыр даңғылына қарай бағыт алған жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, электр бағанына соғылды. Бұл туралы Zakon.kz сайтына елордалық полиция департаменті хабарлады.

Полицияның мәліметінше, жол апаты болғанда автобуста 25-ке жуық жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен бірнеше жолаушы жарақат алып, қажетті көмек алу үшін медициналық мекемеге жеткізілді.

"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Апаттың мән-жайы мен себептері анықталуда", - деп атап өтті ведомстводан.

Полиция департаменті жүргізушілерді жолда өте мұқият болуға, төтенше жағдайларды болдырмау үшін жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.

Бұған дейін Астана маңындағы мектептердің бірінің территориясында автобус 10 жасар қызды қағып, мерт еткені хабарланған

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: