Павлодар облысында жолаушылар автобусы аударылып, бір адам қаза тапты

Полиция, Павлодар облысы, жолаушылар автобусы, жол апаты, бір адам, қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2025 22:31 Сурет: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
2025 жылы 7 қарашада "Павлодар–Қызылорда" тас жолында, Шідерті елдімекенінен 10 шақырым қашықтықта жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне қарай аударылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Полиция бір жолаушы көз жұмып, тағы алты адам түрлі дене жарақаттарын алған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады". Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол жүру ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде, көлік құралдарының техникалық жағдайын қадағалауды және ауа райының өзгеруін ескеруді еске салады.

Бұған дейін Ақмола облысында полицейлер ауа райының бұзылып, мінез танытуына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: