Ақмола облысында полицейлер жүргізушілерге үндеу жасады

Полиция, Ақмола облысы, үндеу, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2025 21:56 Сурет: Алматы қалалық ПД
Ақмола облысында полицейлер ауа райының бұзылып, мінез танытуына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция өңірде ауа райы күрт нашарлап, боран соғып, жаңбыр аралас қар жауып, жолдарда көктайғақ пайда болғанын ескертеді.

Осындай жағдайда жол апаттарының алдын алу үшін полиция жүргізушілерге барынша сақ болуды сұрайды:

  • көлік жүргізгенде жылдамдықты азайтуды,
  • арақашықтықты сақтауды,
  • шалт бұрылуға жол бермеңіз,
  • тежегішті бірден баспаңыз.
  • дөңгелекті маусымына сай уақытылы ауыстырыңыз.

Бұған дейін 8 қарашада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: