Қостанай облысында жылу трассасына жеңіл көлік соғылып, жүргізушісі мерт болды
Сурет: polisia.kz
30 наурызда Арқалық қаласында ВАЗ автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Ш.Жәнібек көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай жылу трассасына соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірдегі ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі мерт болды.
Қазір аталған дерекке сәйкес, ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript