Астана маңындағы мектептердің бірінің аумағында 10 жасар оқушы қыз қаза тапты

Жедел жәрдем, Астана маңы, Ақмола облысы, Қараөткел ауылы, IT-мектеп, оқушы, қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2025 17:25 Сурет: Zakon.kz
Бүгін Целиноград ауданының Қараөткел ауылында қайғылы оқиға орын алды . Ауыл мектептерінің бірінің алдында оқушы қыз көлік астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті хабарлады:

"19 ақпанда Қараөткел ауылының IT-мектебінің территориясында мектеп автобусының жүргізушісі 2015 жылы туған кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Аталған факт бойынша полиция тергеу амалдарын қолға алды".

Бұған дейін Алматыда түн ортасында тағы бір жол апаты болғанын хабарлағанбыз. Алдын ала келтірілген мәліметтерге сәйкес, жол апатына көктайғақ түрткі болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: