Алматыда түн ортасында тағы бір жол апаты болды

Алматыда түн ортасында тағы бір жол апаты болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2025 10:26 Сурет: Zakon.kz
19 ақпанда Алматыда Жансүгіров көшесінде Ыстықкөл көшесіне жетпейтін жерде көліктердің жаппай соқтығысуы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mercedes-Benz B-Class Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Тұман мен көктайғақтың салдарынан жүргізуші бір сәтте көлік құралын басқаруды жоғалтқан, соның салдарынан ол көлік келе жатқан қарсы жолаққа шығып кетіп, Chevrolet Cobalt-пен бетпе-бет соқтығысты.

Сурет: Zakon.kz

Артынша Chevrolet көлігі келе жатқан Toyota Camry-ге де соқтығысқан.

Жол апатынан Chevrolet жүргізушісі жарақат алды. Қазір ол ауруханада.

Сурет: Zakon.kz

Жол полициясының қызметкерлері құтқару қызметінің мамандарымен бірлесіп ЖКО себептерін анықтауда.

Атап салдарынан Жансүгіров көшесі уақытша жабылып, көп ұзамай қозғалыс қалпына келтірілді.

Бұған дейін Алматыда 19 ақпанға қараған түні үш көліктің қатысуымен ірі жол апаты болғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: