Талдықорғанда екі жасар бала көлік астына түсіп, мерт болды

Қайғылы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2022 22:57 Сурет: Zakon.kz
28 қыркүйекте күндіз Талдықорған қаласындағы Сеңгірбаев көшесінде қайғылы оқиға орын алған. Екі жасар бала көлік астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, бала өз үйінің жанындағы жолда ойнап жүрген. Toyota Cresta көлігінің 38 жастағы жүргізушісі сәбиді байқамағанға ұқсайды.

Бала оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.

Өңірдегі полиция департаменті қаза болған баланың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: