Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып мерт қылды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2023 20:36 Сурет: pixabay
3 мамырда Көктал ықшам ауданында қайғылы оқиға орын алды. Полиция мәліметінше, 3 жасар бала ГАЗ-53 жүк көлігі дөңгелігінің астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жүк көлігінің тізгінінде 43 жастағы ер адам болған. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Көлік арнайы тұраққа қойылды". Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция ересектерге балаларын қараусыз қалдырмауды кезекті рет ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: