Қостанайда полицияға бағынбаған жүргізушіге қомақты айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
Қостанай қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты полицияға бағынбаған жүргізушіге қатысты 130 мың теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 наурызда Lada Granta жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойына көлігін дұрыс қоймаған. Ол патрульдік полицияның ескертуін елемей, қызметкерлерге қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты ол екі дерек бойынша әкімшілік жазаға тартылды.

"Оған полицейлердің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 110 мың теңге, тұрақ ережелерін бұзғаны үшін 18 мың теңге айыппұл тағайындалды", делінген хабарламада.


Айта кетсек, 19 наурызда кешқұрым уақытта Шымкентте Chevrolet Cobalt пен Van Hool маркалы халықаралық бағытта қатынайтын жолаушылар автобусы соқтығысты. Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті. Оның екеуі – кәмелет жасына толмаған балалар.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін