Қостанайда күрделі жөндеу жұмысы аяқталмаған балалар ауруханасында заңсыздықтар әшкереленді

Сурет: gov.kz
Қостанай облысының прокуратурасы тексеру комиссиясымен бірлесіп облыстық балалар ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану мәселесі бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, 2020 жылы 21 шілдеде "Қостанай облыстық балалар ауруханасы" КМК тапсырыс берушісі мен "Вершина" ЖШС мердігері арасында 1,2 млрд теңге сомасына ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары бойынша шарт жасалды. Көп ұзамай мердігердің атына 921 млн теңге аударылды, алайда жұмыстар аяқталмай қалып, арада жасалған шарт бұзылды. 

"Тексеру көрсеткендей, "Вершина" ЖШС мекенжайындағы ақшалай қаражаттың бір бөлігі жөндеу жұмыстарын орындау туралы растайтын құжаттарсыз, яғни негізсіз аударылған. Осы факті бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады". Қостанай облысының прокуратурасы

Айта кетсек, Алматы қаласының прокуратурасы жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігін экс-әкім Храпуновқа жеке меншікке шығару туралы шешімді жарамсыз деп таныды. 

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды