Павлодар облысында 44 жастағы әйел із-түссіз жоғалып кетті

Сурет: pxhere
Май ауданы Малайсары ауылында 7 сәуірде 44 жастағы әйелдің жоғалғаны туралы полицияға хабарлама түскен. Полицияға жоғалған әйелдің қызы көмекке жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

44 жастағы тұрғыны Солтан Жанар Әмірғалиқызы 6 сәуірде үйінен шығып кетіп, сол күйі кері оралмаған. Қызының айтуынша, бұған дейін мұндай жағдай болмаған.

"Жедел уәкілдер дереу барлық аумақтық полиция бөлімшелеріне және жақын маңдағы облыстарға жіберілетін бағдарды әзірледі. Жақын маңдағы ауылдарды, шалғындарды, жайылымдарды және шалғынды жерлерді, Ертіс өзенінің жағасы қарастырылды. Әйелдің туыстары, көршілері, таныстары, вокзалдар, тас жолы бойы да тексеріліп, пысықталуда. Жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іс- шаралар жалғасуда". Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Жоғалған әйелдің белгілері: бойы шамамен 165-170 см, дене бітімі - арық, шашы - селдіреген, сөйлеу кемістігіне байланысты ІІ-ші топтағы мүгедектігі бар. Үстінде қара түсті куртка, тізеге дейін түсетін қызыл түсті юбка, көк түсті қалпақ, көк түсті калошы бар.

Сурет: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция әйелдің орналасқан жері туралы білетін кез келген адамнан 102 немесе 8 (718-2) 39-12-32 нөмірлеріне қоңырау шалуды сұрайды. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Айта кетсек, 7 сәуірде Семейде әпкелі-інілі қос бала жоғалып кетті.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды