Семейде әпкелі-інілі қос бала жоғалып кетті
Сурет: Zakon.kz
Абай облысында 7 сәуірде Семейде әпкелі-інілі бір үйдің балалары жоғалып кетті. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қала тұрғындарынан оларды іздеуге көмектесуді сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Берілген нұсқаулыққа сәйкес, жоғалғандар - 2005 жылы туылған Алтынай Әбішева және 2008 жылғы Абзал Әбішев.
Өңірлік ведомсвто мәліметінше, олар 7 сәуірде сағат 15:00 шамасында Семей қаласындағы Восточный левый елдімекеніндегі үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен.
Алтынайдың белгілері: бойы - 160-165 см, дене бітімі - арық, шашы - қара. Үстінде етегі тізеге дейін жететін жасыл болон курткасы, қара түсті футболкасы, қара түсті кроссовкасы бар.
Абзалдың белгілері: бойы - 175-180 см, дене бітімі - арық, шашы - ашық түсті, оң көзінің астында тыртығы бар. Үстінде - қара түсті жеңсіз күртеше, көк түсті футболка, қара түсті джинсы, қара түсті кроссовка.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
"Егер суреттегі жасөспірімдердің орналасқан жерін білген болсаңыздар, 102 телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз". Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript