Өскеменде ер адам немересін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Сурет: freepik
Өскемен қаласының тұрғыны жеті жасар немересін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Yk-news.kz мәліметінше, Өскемен тұрғыны 7 жасар немересіне бірнеше рет пышақ сілтеді деп күдікке ілінген. Бала алған жарақаттарынан көз жұмды.

Қайғылы оқиға 22 наурызда болғаны нақтыланады.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл  фактіні растады.

"Кәмелетке толмаған адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және қамауға алынды. Заттай дәлелдемелер алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - дейді құзырлы ведомство. 

Айта кетсек, 2024 жылы 5 сәуірде Қарағанды облысында екі және төрт жастағы бүлдіршіндерін өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынды. Кейіннен оның психиатриялық диспансерде тіркеуде тұрғаны белгілі болды.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы