Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда өз балаларын өлтірді деп күдікке ілінген әйелдің күйеуі: Мен үйде болмағанмын...

Балаларын өлтірген әйел, Қарағанды облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 21:51 Сурет: pixabay
Қарағанды облысында екі және төрт жастағы бүлдіршіндерін өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынды. Полицияны әйелдің күйеуі шақырған. Қылмыс ол үйінде болмағанда жасалыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейресми ақпарат бойынша, 20 жастағы келіншек бауыр ете балаларын буындырып өлтірген.

"Гагарин ауылына азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар өткен жылы күзде Теміртау қаласынан көшіп келген. Екеуі де жұмыссыз. Бірақ жағдайы нашар ретінде тіркеуге алынбапты. Келіншек оның алдындағы некелерінен үш бала туған. 16 жасында тапқан тұңғышы төртте, ортаншысы - екі жаста, кішісін босанғанына жыл толмапты. Келіншек емізулі нәрестесіне ғана тиіспепті. Қазір ол балалар үйінде. Ауыл әкімінің айтуынша, полицияны кеше - 4 сәуірде кешкілік оның күйеуі шақыртыпты. Қылмыс ол үйде жоқ кезде жасалған. Күдікті 2019 жылға дейін психдиспансер тізімінде тұрған екен. Көршілері бұлардың ешкіммен араласпайтын, жиі жанжалдасатынын айтады", деп хабарлайды КТК.

"Қыстыгүні әйелін бала-шағысымен далаға қуып шығарғанын көргендер бар. Ұрыс-керіс болып тұратын. Біздің учаске инспекторы осылардың үйінен шықпайтын. Бір шара қолданған шығар, кім біледі. Бірақ мына сұмдықты естігенде, есімізден танып қалдық", - дейді Гагарин аулының тұрғыны Зура Хаджаева.

Айта кетсек, 4 сәуірде желіде көшеде шашынан ұстап, әйелді сүйреп жүрген ер адамның видеосы тарады. Қарағанды облысының полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, ер адамның қамауға алынғанын нақтылады. Олар азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар болып шықты. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: