"Шашынан ұстап, сүйреп жүр". Желіде көшеде соққыға жығылған әйелдің видеосы тарады
Сурет: pexels
Қарағанды облысының Ақтас қаласында (Саран қаласына қарасты ауыл) ер адамның әйелді аяусыз ұрып-соғып жатқаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеоның сипаттамасында оқыс оқиғаның мектептің жанында болғаны айтылады. Видеода ер адам әйелді шашынан сүйреп, балағаттап, жуан жұдырықтарын да сілтеп жатыр. Куәгерлердің бірі полиция шақырамын деп айғайлайды. Оған агрессор: "Шақыра бер, отырып шығамын!" - деп жауап береді.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұған дейін шабуыл жасаған адамның жеке басы анықталып, полицияға жеткізілгенін хабарлаған. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Толық мәліметтер кейінірек жарияланады деп уәде етілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript