Астаналық әйелді ер адам азық-түлік дүкенінде соққыға жыққан
Сурет: видео скрині
Астанадағы азық-түлік дүкенінде әйелді ұрып-соғып жатқан сәт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зәбір көрген әйел видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады. Оның айтуынша, 7 шілдеде ол дүкенге келіп, абайсызда біреудің баласына қағып кеткен.
"Баланың әкесі менімен жанжалдасты, мен кешірім сұрадым, балаға зиянымды тигізейін деген ниетім болмады. Содан кейін жанжал басталды, ол мені балағаттай жөнелді. Баласын қолына алған күйде бірнеше рет итерді, оның баламен бірге тұрғанын түсініп, ештеңе істемедім. Содан кейін ол кетіп қалып, баласыз қайтып келді, барлығын видеодан көруге болады", - деп жазды әйел.
Кадрларда ер адамның әйелді арқасынан итеріп, бетінен ұрғанын көруге болады.
Астана полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты Zakon.kz тілшісіне пікір білдірді.
"Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сот шешімімен дөрекі сөздер айтқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалып, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомство.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript