Желіде қару ұстап тұрған жігіттің видеосы тарады: тәртіп сақшылары азаматты тапты

Желіде қару ұстап тұрған жігіттің видеосы тарады: тәртіп сақшылары азаматты тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2023 10:15 Сурет: pxfuel
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз ер адамның қолына қару тәрізді зат ұстап тұрған видеосы анықталды.

Бұл бейнежазбаны Түркістан облысының полицейлері бірден назарға алып, жедел шаралар қабылдады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

"Бейнежазбадағы жас жігіт Сайрам ауданының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Ал оның қолындағы пейнтбол ойнауға арналған автомат екені анықталды", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары жас жігітпен түсіндіру жұмысын жүргізді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: