Алматы полициясы ойыншық тапаншамен жүрген ер адамды анықтады
Сурет: ҚР ІІМ
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде қоғамдық көлікте келе жатып тапанша көрсеткен ер адамның видеосы анықталды.
Жедел әрекет ету барысында оқиғаға қатысы бар адамның жеке басы анықталды. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді.
Ер адам күзетші болып жұмыс істейтінін, ойыншық қаруды қала базарларының бірінен сатып алғанын айтты. Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript