Жамбыл облысында әскери қызметкер өгей ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2025 12:16 Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында әскери қызметкер 10 жастағы өгей ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Ол бірден қамауға алынды, істі әскери-тергеу басқармасы қарастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК арнасының мәліметінше, қайғылы оқиға Талас ауданының бір ауылында мамыр айының соңында болған. Алайда бұл туралы ақпарат жақында ғана жарияланған. Белгілі болғандай, бала ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізіліп, сол жерде қайтыс болған. Күдікті ретінде 35 жастағы әскери қызметкер, яғни баланың өгей әкесі ұсталған.

Қайғылы күні нақты не болғаны тергеу мүддесіне байланысты әзірге жария етілмей отыр. Белгілісі — бұл отбасында жақында ғана бес бірдей асыранды бала тәрбиелене бастаған. Қайғылы оқиғадан кейін барлық қалған балалар отбасыдан алынып, қауіпсіз жерге орналастырылған.

"Оқиға болған күні кешке бұл отбасыдан балалар тәркіленді. Қазіргі таңда олар мемлекеттік мекемеде. Тергеумен әскери-тергеу басқармасы айналысып жатыр, себебі күдікті — әскери қызметкер. Қазір балалар қауіпсіз жерде, олармен психологтар жұмыс істеуде", — деді Жамбыл облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Даурен Бағжанов.

Бұған дейін Алматылық тұрғынның зейнеткерлерді алдап, қаржысын иемденгені жайлы жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: