Алматы тұрғыны зейнеткерлерді алдап, қаржысын иемденген

Пенсия, пенсионеры, пенсионер, пенсионный возраст, пенсионные накопления, пенсионные отчисления, пенсионный фонд, ЕНПФ, пенсионная система, накопительная пенсионная система, накопления, пенсионные выплаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2025 11:06 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданының ондаған тұрғыны зейнетақы жинақтарын алу ережесін айналып өтпек болып, алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті (ПД) баспасөз қызметінің хабарлауынша, 35 жастағы әйел халықтың сеніміне кіріп, зейнетақы жинақтарын алуға көмектесуді ұсынып, адамдардың ірі көлемдегі ақшасын жымқырған. Оның әрекетінен келген жалпы шығын қазіргі уақытта 1,5 миллион теңгеден асады.

"Қазіргі таңда 40-тан астам алаяқтық эпизодтары анықталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады полициядан.

Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Астана тұрғыны бұған дейін АҚШ-қа көп мәртелік визасы мен Испанияда тұруға рұқсаты үшін 20 миллион теңге төлеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: