Астанада жүргізуші куәлігін заңсыз жолмен алғысы келегендер алаяқтарға тап болды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 14:40 Фото: Zakon.kz
Астанада бірнеше тұрғын жүргізуші куәлігін ресми әрі міндетті рәсімдерден өтпей алмақ болған. Алайда соңында олар алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 8 қыркүйекте елорда прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қаланың алты тұрғыны жүргізуші куәлігін таныстары арқылы жасап беремін деп сендірген алаяққа ақшасын берген. Алайда ол уәдесін орындамай, алған қаражатын жеке қажетіне жұмсаған. Жалпы шығын көлемі 2,3 млн теңгені құрады", – деп хабарлады қадағалау органы.

Сотта кінәсін мойындап, келтірілген шығынның бір бөлігін өтегенін ескеріп, алаяққа 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Оған пробациялық бақылау белгіленді.

Сондай-ақ жазасын өтеу мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту туралы шешім қабылданды.

Сотталған азаматқа бірқатар міндет жүктелді. Атап айтқанда, пробация қызметін ескертпей тұрғылықты және жұмыс орнын ауыстыруға, алкоголь ішімдік қолданылатын ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынды. Жұмыссыз қалған жағдайда жұмыссыз ретінде тіркелуі керек. Сонымен қатар сот белгілеген түнгі уақытта, яғни 22:00-ден 06:00-ге дейін үйінен шығуға болмайды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін қазақстандықтарға оқымай және емтихан тапсырмай жүргізуші куәлігін алып беремін деген кез келген ұсыныстың заңсыз екені және оның алаяқтықпен байланысты болуы мүмкін екені ескертілген.

Соған қарамастан заңды айналып өту әрекеттері әлі де кездеседі. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны жүргізуші куәлігін 6 млнтеңгеге сатып алмақ болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: