СҚО-да жүргізуші куәлігін рәсімдеуге уәде берген алаяққа үкім шықты

Водительское удостоверение, водительские права , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2026 21:47 Фото: Zakon.kz
2025 жылдың жазында Мағжан Жұмабаев ауданының үш тұрғыны интернет-алаяқтың құрбаны болды. Ол WhatsApp мессенджеріндегі түрлі топта жүргізуші куәлігін емтихан тапсырмай-ақ және заңда көзделген рәсімдерден өтпей рәсімдеп беруге уәде еткен хабарландырулар жариялаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушілер алаяқтың арбауына түскендерін түсінгенге дейін оған бірнеше мәрте әртүрлі көлемде ақша аударған. Нәтижесінде үш эпизод бойынша келтірілген материалдық шығын көлемі 350 мыңнан 405 мың теңгеге дейін жеткен.

Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол Қостанай қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тергеуші Әлия Құлмұхаметованың айтуынша, күдікті адамдармен тез тіл табысып, сеніміне кіре білген. Тіпті өзіне онша таныс емес азаматтарды жәбірленушілерден ақша қабылдау үшін банк карталарын пайдалануға көндірген.

Жәбірленушілердің бірі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына үш рет барған. Ол өзін белгілі бір "қажетті адамдар" қарсы алады деп сенген. Алайда әр жолы күдікті түрлі рәсімдерді айналып өту үшін қосымша қаражат қажет екенін айтып, кездесудің өтпей қалғанын түрлі сылтаумен түсіндіріп отырған.

Тергеу бір айдан астам уақытқа созылды. Жиналған дәлелдер соттың айыпталушыны кінәлі деп тануына негіз болды. Нәтижесінде ол 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Сотталған азамат келтірілген шығынның бір бөлігін өтеп үлгерген. Үкім заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: