Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алудың "жаңа" тәсілі ұсынылуда

Водительское удостоверение, водительские права, техпаспорт, удостоверение личности, водитель, вождение, уроки вождения, автошкола , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2024 13:35 Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде көліктің кез келген түріне жүргізуші куәлігін сату туралы хабарландырулар тағы да жариялануда. Емтихан тапсырудың қажеті жоқ, ал рәсімдеу процесіне 2-3 күн кетеді. Бұл алаяқатардың ісі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарнама авторларының айтуынша, бәрі заңға сәйкес жасалады.

Қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алудың "жаңа" тәсілі ұсынылуда , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2024 13:35

Сурет: Stopfake.kz

Алайда, бұл алаяқтардың әрекеті.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жалған жарнамаларға қатысты Stopfake.kz мамандарына келесідей түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желілерде белгілі бір сыйақы үшін жүргізуші куәлігін алуға көмек көрсететіндер туралы ақпараттар таралуда. Осындай заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Алаяқтар алдын ала төлем сұрап алып, артынан ізін суытады", – деп атап өтті ведомстводағылар.

Осыған байланысты ІІМ азаматтарды мұқият болуға және күмәнді келісімдерден аулақ болуға шақырады.

Сондай-ақ, мұндай тәсілмен жүргізуші куәлігін алу мүмкін емес екені нақтыланды.

"Күдікті ұсыныстар анықталған жағдайда, дереу полицияға хабарлау қажет". ҚР ІІМ

ҚР ІІМ жүргізуші куәлігін алу рәсімін еске салды:

  • жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепте оқудан өтіп, қажетті санат бойынша курсты аяқтағаны туралы куәлік алу қажет.
  • сол санат бойынша теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру үшін арнайы ХҚКО-ға жүгіну керек. Ол үшін жеке басты куәландыратын құжаттарды, автомектепте оқу курстарын аяқтағаны туралы куәлікті, медициналық анықтаманы, жүргізуші куәлігін дайындау үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртекті ұсыну қажет.

Емтихандарды сәтті тапсырған жағдайда азаматқа көлік құралын басқаруға арналған жүргізуші куәлігі беріледі.

Бұған дейін Ақтөбе облысының прокуроры қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: