Такси жүргізушісі "жүргізуші куәлігін жылдам рәсімдеп берумен" айналысқан
Фото: pexels
Петропавл қаласында алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Ол такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүріп, жолаушыларға жүргізуші куәлігін жылдам рәсімдеп беруді ұсынып, ол үшін бөлек ақы алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Qazaqstan Media дерегіне сәйкес, 37 жастағы күдікті жолаушылармен әңгімелесу арқылы сеніміне кіріп, өз "қызметін" 100–200 мың теңге аралығында бағалаған. Кейін түрлі құжаттар мен анықтамаларды рәсімдеу қажет деген сылтаумен қосымша ақша сұраған.
Қазіргі таңда іс бойынша төрт жәбірленуші анықталған. Олардың әрқайсысы 500 мың теңгеге дейін шығынға ұшыраған. Алайда жәбірленушілердің ешқайсысы бастапқыда полицияға жүгінбеген.
"Іс материалдары Петропавл қаласының полиция басқармасына жолданып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті бұған дейін де мүліктік қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған". Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полиция азаматтарды күмәнді делдалдардың қызметіне сенбеуге және заң талаптарын сақтауға шақырады.
Бұған дейін Павлодарда науқастардың шақыруына барған фельдшер оларды алдап, ақша жымқырып келгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript