Жедел жәрдем жүргізушісі масаң күйде көлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Жедел жәрдем жүргізушісі масаң күйде көлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 12:19 Сурет: pixabay
Қызылорда облысында жедел жәрдем жүргізушісі масаң күйде көлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Қызылорда облысы Арал ауданында жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Масаң күйде көлік басқару фактісі Самара – Шымкент тасжолында "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде анықталды.

Құжаттарды тексеру барысында өзін біртүрлі ұстаған жүргізушінің әрекеті полицейлерге күдікті көрінген. Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті.

Айта кетейік, өңірде 6-8 тамыз аралығында "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Полицейлер жол жүрісіне қатысушыларды мұқият болуға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: