Түркістан облысында мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Сурет: pexels
Түркістан облысында мас күйде көлік басқарған ер адам 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауран ауданының полицейлері күнделікті қызмет атқару барысында күндізгі уақытта аудан көшелерінің бірінен жүрісі күдікті әрі қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан Daewoo Matiz автокөлігінің жүргізушісін байқады.
Содан полицейлер көліктің артынан жүріп, оны тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішіп алғаны байқалды.
Қорытындыға сәйкес 58 жастағы жергілікті тұрғынның мас күйінде көлік жүргізгені расталды.
Қазіргі таңда масаң күйде көлік жүргізген ер адам 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript