ШҚО тұрғыны 6,6 млн теңгеге жүргізуші куәлігін сатып алуға болады деп сенген

Жүргізуші куәлігі, ШҚО, Зайсан, алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2026 18:53 Сурет: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны жүргізуші куәлігін сатып аламын деп 6 млн теңгесінен қағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылы 17 шілдеде Зайсан ауданында алаяқтық фактісі тіркелгенін хабарлады.

"Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылы туған Зайсан қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, танысы жүргізуші куәлігін алып беруге көмектесемін деп, оның 6 миллион теңгеден астам ақшасын иемденіп кеткенін айтқан", деп хабарлайды полициядан.

Жәбірленушінің айтуынша, биыл ақпан айында ол Алматы облысындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет өткерген танысымен қайта араласа бастаған. Әңгіме барысында ер адам өзін Алматы қаласындағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері ретінде таныстырып, жүргізуші куәлігін алуға көмектесе алатынын жеткізген.

Оның сөзіне сенген азамат алдымен келісілген соманы аударған. Кейін танысы әртүрлі себептер айтып, бірнеше рет қосымша ақша сұраған.

"Нәтижесінде жәбірленуші 6,6 млн теңгеден астам қаржысынан айырылған. Ақшаның бір бөлігі белгісіз тұлғалардың есепшоттарына аударылған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", деп нақтылайды полиция.

Полиция азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тез арада немесе заңсыз жолмен рәсімдеп беремін деген адамдарға сенбеуге, ақпараттың дұрыстығын тексермей ақша аудармауға шақырады.

Бұған дейін БҚО тұрғынынан 3,3 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: