Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналық тұрғын үй аламын деп алаяққа алданып қалды

Астаналық тұрғын үй аламын деп алаяққа алданып қалды , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 12:50 Сурет: Zakon.kz
Астаналық тұрғын үй аламын деп алаяққа алданып, 3,4 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы полиция басқармасының қызметкерлері бірқатар алаяқтықпен айналысқан 44 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Аталған әйелдің азаматтарға мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға көмектесуге уәде беріп, еңбегінің ақылы болатынын айтып, ақшалай қаржы алып отырған.

Азаматтарды пәтер алу кезегіне тұрғызуға да таныстарының жеткілікті екенін айтып, әбден сенімге кірген. Осылайша жәбірленушілердің бірі оған тұрғын үй құжаттарын тездету үшін 3,4 млн теңге төлеген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта күдіктінің әрекетінен зардап шеккендерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: