Салтанат Нүкенованың әкесі Бишімбаев туралы: Екі дүниеде де кешірім жоқ оған

Сурет: Instagram/aitym
Марқұм Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүркенов 13 мамырда сот дәлізінде Қуандық Бишімбаевқа қатысты шыққан сот үкіміне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нүкенов сот шешімін құп көретінін мәлімдеді.

"Екі дүниеде де кешірім жоқ оған. Ал бүгін Бишімбаевқа қатысты тағайындалған 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасын құп көреміз. Бірақ Байжановқа төрт-ақ жыл берілгенін біз қабылдай алмадық", - деді ол.

Сондай-ақ ол тағайындалған жаза тым жұмсақ деп санайтындарға жауап берді.

"Баршаға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын, бүкіл әлем қолдау көрсетті, рақмет. "Аз берді" деп жатқандар болса, мешітке барсын, дұға оқысын. Оған Алланың тағайындаған өз жазасы бар. Біз сот шешімін құп көреміз. Менің ойымша, судья әділ шешім шығарды", - деді ол.

Бұған дейін сотта Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот үкімі жарияланды: Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды