"Қоқан-лоқы толастар емес". Бишімбаевтың ісі бойынша сотты жүргізген судья күзетпен жүруге мәжбүр

Сурет: Telegram/Jogargy_sot
БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судья Алма Есімова 13 мамырда өткен сот отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында судья Айжан Құлбаеваға әлі қоқан-лоқы көрсетіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол судьяға қауіп-қатер төндіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Әзірге, қандай да бір шешім қабылданды ма, жоқ па, ол туралы бізде мәлімет жоқ. Судья күзетпен жүреді". Алма Есімова

Судья қанша уақытқа дейін күзетпен жүруге мәжбүр екендігі туралы сауалға ол былай деп жауап берді:

"Қауіпсіздік шаралары мәселесіне қатысты шешімді тергеуші қабылдады және оның күшін жоюды тергеу жүргізетін орган қабылдайтын болады". 

Бұған дейін сотта Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша сот үкімі жарияланды: Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Марқұмның әкесі Амангелді Нүкенов 13 мамырда сот дәлізінде сот үкіміне қатысты өз пікірін айтты.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды