Елордадағы түзеу мекемесінде дінге байланысты дәріс сабағы өтті

Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментімен бірлесіп, елордадағы №2 мекемесінде дін ұстанушы сотталғандарға дәріс сабағын өткізді. Оған мекемеде жазасын өтеп жүрген діни ұстанымға ие 50-ге жуық сотталған қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәріс барысында сотталғандар назарына көркем мінезділік және сабырлық туралы келесідей түсіндірмелер айтылды:

Сонымен қоса, дін мен дәстүрдін тұтастығы туралы, әлемдік діндердін негіздері туралы толығырақ түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өткен дәріс сабақтан жазасын өтеуші азаматтар көп ақпарат алғандарын жеткізіп, осындай дәрістерді алда тағы өткізулерін сұрады.


"Жалпы кездесуден соң имамдар мен теолог мамандар дін жолында жүрген сотталушылармен жекеше түрдегі кездесулер өткізіп, профилактикалық сұхбаттар жүргізді. Мекеме басшылығы бұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатынына сенімді. Көбінде мекемелерде жазасын өтеушілердің діни білімдері таяз болуына байланысты, кейде олар, теріс ақпаратқа сүйеніп жатады, осы жайттардың алдың алу мақсатында, діни ілім берудін маңызы зор". Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты