Бурабай ауылының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Сурет: gov.kz
Бурабай ауылының әкімі Сабыр Жалмұқановқа Әдеп кодексін бұзғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды

Бұл туралы 2024 жылы 29 мамырда Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады.

"Бурабай ауылының әкімі мен ЖШС арасында алаңды абаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасалғаны анықталды. Келісімшарттық міндеттемелерді орындау барысында әкім кәсіпкерден сметалық құжаттамада қарастырылмаған қосымша жұмыстарды орындауды талап еткен. Өз кезегінде кәсіпкер тапсырыс берушіден тәуелді жағдайда болғандықтан, бұл жұмыстардың бір бөлігін орындады", делінген хабарламада.

Әкім өз іс-әрекетімен кәсіпкерлік субъектісіне 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

Бурабай аудан әкімінің өкімімен Бурабай ауылының әкіміне "қатаң сөгіс" түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді